Суббота, 21.09.2024, 18:38
Вы вошли какГость | Группа "Гости"Приветствую ВасГость| RSS

Средняя школа имени Бактыбая Жолбарысулы с дошкольным мини-центром

Мини-чат
Наш опрос
Сколько уроков в неделю вы пропускаете:
Всего ответов: 39
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
Форма входа

Блог

Главная » 2012 » Ноябрь » 14 » Итоги прошлого года
11:27
Итоги прошлого года
2011-2012 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарға

САРАПТАМА



Өткен оқу жылында мектепте 82 мұғалім жұмыс істеді. Олардың ішінде:

73 – жоғарғы білімді, 4 б/жоғ., 3- а/орта және жогарғы санатты – 25, І санатты – 39,

ІІ санатты – 7, с/жоқ -9.

Енді атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды, ұсыныстар жасасақ:

Өткен оқу жылында жоспарланған ашық сабақтар көрсетілді.

1.Бастауыш сынып ӘБ - 5

2.Бастауыш орыс сын. ӘБ - 2

3.Қазақ тілі мен әдебиет пән. ӘБ – 4

4.Орыс тілі мен әдебиет пән. ӘБ - 4

5.Шет тілі мен тарих пәндерінің ӘБ – 2

6.Математика, информатика, физика пән. ӘБ - 4

7.Жаратылыстану пән. ӘБ – 4

8.Еңбек, сурет, сызу пән. ӘБ – 4

9. Дене шынықтыру пән. ӘБ – 2

Ашық сабақтардың басты нысаны оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеттері болды. Бұл әрине, оқу үрдісінің басты түрі. Ашық сабақтардың пайдасы бар. Педагогтар өздерінің іскерліктерін әріптестерімен тәжірибе бөлісу арқылы көрсетті. Мұғалімдердің ашық сабақтары барысында мазмұны, тақырыбы, құрылысы арқылы сабақтар көруге мүмкіндіктері болды. Ашық сабақ көрсеткен мұғалімдер (жас мұғалімдерден бастап 25-30 жыл өтілі барларға дейін) өздерінің кәсиби шеберліктерін көрсете білді.

Қызығушылық туғызған бастауыш қазақ сыныбында, бастауыш орыс сыныбында, география, тарих, дене шынықтыру сабақтар болды.

Ашық сабақ өткізген жас мұғалімдер: Ә. Ибрагимова,

Г. Жекенова, Ж. Кенжебекова, Н. Азнабаеваларды ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ қызықты сабақтарымен қуантқан тәжірибелі пән мұғалімдері Құндақбаева З.К., Қасымова С.С., Жантарақова Ә.Қ., Мұрзабаева Р.Т., Баева Н.О., Чумикова Н.П., Байбаракова С.Н., Конаев Е.Қ., Подушкин В.Н....

Сабақта оқу – танымдық ойындарды қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудырады. Мұндай қасиеттерімен ерекшеленген мұғалімдеріміз: Иманбаева Ш., Жаманбаева К. Ө., Васильева Г.Ф., Козинец Н.П., Нуриманова С.Ж., Дүйсембиева Г.Т., Бекжанова А.Б., Ламанукаева Г.Г., Куттыбаев Е.М., Куттыбаева К.О., Бахтымбетов Е.С., Ахметжанова Д.О.

Танымдық әдістемелер тобында мұғалімдеріміз оқушылардың өмірлік тәжірибесіне сүйену әдістемесіне басты орынды береді: Сағымбаева К.Қ., Абдильденова Р.Б., Сейтниязов Д.Т., Абдуллин Р.Х., Кравченко Т.И., Табиева Б.Ө., Подушкин В.Н., ... сияқты мұғалімдеріміз сабақтарында аталған әдістемені басқа әдістемелермен шебер байланыстыра біледі.

Өткізілген ашық сабақтар бойынша ұсыныстар:

1.Оқушылардың оқу әрекетінің түрлері мен әдістерін жетілдіру.

2.Оқушыларда оқу әрекетінің жаңа түрлері: өзіндік бақылау, өзіндік бағалау, рецензия беру, оқу әрекетін болжау, балама шешімдер іздестіруге ынталандыру.

3.Сабақтың тәрбиелік компонентіне мақсатқа жетудегі талаптарды енгізу.

Оқушылармен өткізілген анкета көрсеткендей, орта бұын оқушыларының 80 пайызы ағылшын тілі, тарих, қазақ әдебиеті, дене тәрбиесі, технология, биология пәндері ұнайды. 20 пайызы математика, орыс әдебиеттерін ұнатпайтындарын айтады.

Жоғары сыныптардың 50 пайызы математиканы, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиетін ұнатады да, 30 пайызы физика, химия, дене тәрбиесі пәндерін ұнатпайтынын айтады.



Кәсіби мамандықтарын жетілдіру курстарын өту.

2011-2012 оқу жылы - 7 мұғалім білім жетілдіру курсынан өтті.

Олар: Сейтниязова А.Н., Сейтниязов Д.Т., Тастабаева А.Қ., Чувасов М.С., Құттыбаева Д.А., Кравченко Т.И., Кенжебекова Ж.Н.

12 мұғалім «Пифагор» бағдарламасы бойынша курс өтті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ибрагимова А.А. «Назарбаев зияткерлік мектебі» тарапынан өткізілген 3 айлық курсты өтіп, өз білімін жетілдірді.

Мектепте мұғалімдерді курсқа жіберу әкімшілік тарапынан бақыланып отырады.

Ұсыныстар:

1.Курстан өткен мұғалімдердің есебі ДЖО-тың немесе әдістемелік кеңестің күн тәртібіне қойылып, тыңдап отыру тәжірибесі жалғастырылсын.

2.Мұғалімдердің 3-4 жыл сайын білімін жетілдіріп отыруы әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға алынуы тиіс.

Аттестация.

Өткен оқу жылында 2 мұғалім жоғары санатқа қайта аттестатталынды, 4 мұғалім жоғары санаттқа өтті және 1 мұғалім бірінші санаттқа қайта аттестаттаудан өтті, 3 мұғалім бірінші санатқа өтті және 5 мұғалім екінші санатқа өтті.

Аттестация бойынша қорытынды:

1.Мұғалімдеріміз аттестациядан өтудің 5 жылғы перспективалық жоспармен таныс болып, алдын – ала дайындық жұмыстарын жүргізулері тиіс, әр мұғалімнің айтулы көрсеткіштері болмайынша қазіргі талап бойынша өзінде бар санатты растау, санат көтеру жүзеге аспай қалуы мүмкін.

2. Олимпиада, «Дарын», КҒА, «Ақбота», «Кенгуру-математика», «Кенгуру-лингвист», «Алтын руно», «Русский медвежонок» көрсеткіштері, республикалық, облыстық баспаларда өз тәжірибесінен мақалалар жариялауды, кабинет жабдықтауы, түрлі байқауларға қатысуы, ҰБТ-көрсеткіштерінің жоғары болуы міндетті.

Ұсыныс:

1.Алдағы оқу жылдары аттестациядан өтетін мұғалімдер: баспаларда өз тәжірибесінен мақалалар жариялауды, кабинет жабдықтауы, түрлі байқауларға қатысуы, ҰБТ-көрсеткіштерінің жоғары болуы міндетті.

2. «Дарынды оқушылармен жұмыс бағыты» бойынша барлық пән мұғалімдерінің жоспарлары тексеріліп, жұмыстары қаралсын.



11 сынып оқушысы Сейталімханова Айсұлу Халық

11 сынып оқушысы Ервділова Айдана (мұғ. Мурзабаева Р.Т.) аудандық пән олимпиадада1 орын алып, облыстық олимпиадада 3 жүлделі орынға ие болды.

9 сынып оқушысы Тен Фариза (мұғ. Чувасов М.С.) аудандық «Дарын» жобасына қатысып,1 орынға ие болып, облыстық байқауға қатысты.



Пән олимпиадалары мен «Дарын» бойынша қорытынды:

1.Дарынды оқушыларды іріктеп, таңдап алуда әлі де бірізділік жоқ. Пән мұғалімдері жұмыстың бұл саласына немқұрайдылықпен қарайды.

2.Мұғалімдер аудандық деңгейдегі 1,2,3, орынмен қанағаттанып келеді. Ұмтылым жоқ.

Ұсыныс:

1.Олимпиадаға, КҒА, Дарынға оқушылар дайындауда пән мұғалімдері тарапынан жауапкершілікті арттыру.

2.Аудан мектептері арасында мектеп рейтингін көтеретін бірден – бір көрсеткіш дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесі екенін әруақ есте ұстауымыз қажет.

Аудандық «Ең үздік жыл мұғалімі -2012» байқауына ән-күй пәнінің мұғалімі Ұ.Т. Ченемесова қатысып, грамота алды.

Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен аудандық пән олимпиадасында Н.О. Баеваның 2 оқушысы: Дрибузов Никита мен Дубинин Никита 2 және 3 орындарды алып құантты.

Мектеп білім берумен қатар қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуын және де орыс тілімен шет тілдерінің таңдалып оқытылуын мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай жүргізеді.

Жалпы білім беру стандартының негізінде жасалған оқу жоспары мен өзекті мәселесіне сай мектептің оқу-тәрбие жұмысы жүзеге асады 2011-2012 оқу жылында мектеп жасындағы балалардың барлығы оқуға қамтылды.

Мектеп Мемлекеттік стандарттың бірінші нұсқасы бойынша жұмыс жүргізеді.

Оқу жылының басында 737 оқушы, 37 сынып комплектісі бекітілді, оның 23 сынып оқушылары қазақ тілінде білім алса, 14 сынып оқушылары орыс тілінде білім алды. Оқу екі аусым бойынша жүргізіледі. Жұмыс тәртібі аптасына алты күн. Оқу жылының соңында 757 оқушы, оның ішінде 85 оқу озаты, ал 240 оқушы оқу екпіндісі.

Мектепке дейінгі шағын орталықты Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектеп бойынша 2011-2012 оқу жылының 15.08-15.09.2011 аралығындағы өткен жалпыға бірдей білім беру айлық қорытындысы туралы мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы Конституциялық 30 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» №812 қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Алматы облысының білім басқармасының 2011 жылдың 10 тамызындағы №272 бұйрығын, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011 жылдың 15 тамызындағы №171 бүйрығына сәйкес мектеп қабырғасында 15.08-15.09.2011 аралығында жалпы білім беру айлығы өткізілді.

Мұғалімдер ұжымы, ата-аналар қоғамдығы, құқық қорғау ұйымдары қызметкерлерімен бірлесіп ауылдық шағын аудандарын аралау және оқумен қамтамасыз етілмеген балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша тексеру ұйымдастырылып, сонымен қатар 9-сыныпты бітірген оқушыларға ерекше көңіл аударылды. Рейдтің қорытындысы бойынша 2 оқушы Орынбаева Зульфия, Серіков Абылай денсаулығына байланысты оқумен қамтылмайды. 19 оқушы колледжге, 6 оқушы кәсіптік мектепке түскені анықталды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі 04.12.1997ж. №463 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердегі 6 жас пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу тәртібі туралы ережеге сәйкес, шағын-мөлтек аудандарды ауыл әкімдігімен келісе отырып аралап, 34 шағын мөлтек ауданда – бала саны, оның ішінде - 674 оқушы, С.Сейфуллин мектебінде - 15 оқушы, колледжде – 40оқушы, ПТШ-13 оқушы, басқа мектепте -20оқушы тұратыны анықталды.

Денсаулығына байланысты 6 оқушы

1.Абилқасымов Д. 3б

2.Абилқасымов Ә. 3б

3.Кадирова Э. 7б

4.Олжаев М. 7ә

5.Болатов Б. 9ә

6.Вершинин Д. 5б үйде оқыту ұйымдастырылды.

Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын күнделікті қадағалап, себепсіз сабақтан қалған оқушыларды мектепке келтіруге шұғыл шаралар қолданып отырды.

Оқушыларға ыстық және қоғамдық тамақтандыру ұйымдастырылып мектеп бойынша іс-шара жоспар бекітілді, 20 оқушы тегін тамақпен қамтылды.

Мектепте 02 қыркүйек күні қайырымдылық марафон өткізілді.

Тұрақты демеушіміз миссия «Надежда и помощь» орталығы гуманитарлық көмек көрсетіп, аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасы балалары яғни, барлығы 27 оқушы киім-кешек (киілген киімдер-10000 теңге соммасын құрайды), мектепке керекті құрал-жабдықтар, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Қараусыз, қадағалаусыз, өзге де себептермен сабаққа келмей қалған бала жоқ.

Жалпы білім беру айлығының қорытындысы педагогикалық кеңесте талқыланды.

Биылғы 2011-2012 оқу жылында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылырын ҰБТ-ға дайындау әдістемесіне тоқталсақ, барлық мектеп оқу жылының басында ҰБТ-ға арналған бұйрық шығарылады, оқу жылы бойы ҰБТ-ға дайындалудың ауқымды іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Мектеп бітірушілер арасында сауалнама жүргізіліп таңдау пәнің анықталып ҰБТ-ге тиісті әр пән мұғалімдерінің жеке жоспарлары құрылды. Оқу жылының І-жартыжылдығында мектеп бітірушілерімен айына бір рет байқау тестері жүргізіліп отырды. Жұмыстың нәтижелі болуы үшін міндетті түрде әр байқау тестілеуінен кейін пән мұғалімдері әр оқушымен жекелей жұмыс жүргізді.

Оқушылардың білім сапасын көтеру барлық орталық мұғалімдерінің ең негізгі мақсаты.

Мектепте 49 оқушы мектеп түлектері. ҰБТ-ға 41 оқушы қатысса, 8 оқушы мектепте мемлекеттік емтихан тапсырды.

04.06.2012ж. І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік тест өтіліп, орташа балл 69,73. (Ең жоғарғы балл жинаған оқушылар)

«Алтын белгі» иегері – Кенжетаева С – 116 балл.

Ең жоғарғы балл алған оқушылар:

1. Сайлибекова С – 102 балл

2. Абдилдаева Н – 101балл

3. Тынысханова А – 101 балл.

04.06.11ж. ҰБТ-ның жеке пәндер көрсеткіштері төмендегідей болды.

Қазақ тілінен білім сапасы – 78,9% орташа балы – 16,9

Математикадан білім сапасы – 27%, орташа балы – 12

Орыс тілінен білім сапасы – 61%, орташа балы – 11

Қазақстан тарихынан білім сапасы – 46,8% орташа балы – 14,8

Физикадан білім сапасы – 9%, орташа балы -11,7

Географиядан білім сапасы – 100%, орташа балы – 19,3

Дүние жүзі тарихынан білім сапасы – 50%, орташа балы – 12,5

Биологиядан білім сапасы – 46%, орташа балы -13,8

Қазақ әдебиетінен білім сапасы -100%, орташа балы – 21

Мектеп бойынша грант иегерлері 3 түлек.

Биылғы оқу жылының ҰБТ көрсеткіші былтырғы оқу жылымен салыстырғанда төмен болды. Мұның себебі 4 оқушы екі деген баға алды. Олар Ақылбекова М. – орыс тілінен, Рахымбеков Н, Ардақбаев С, Сайфуллин А. Орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Б. Бекжановаға , математика пәнінің мұғалімі Р.К. Лятиевке сөгіс жарияланды.

Биылғы оқу жылында 9, 4 сынып оқушыларымен МАБ өткізілді. Мемлекеттік аралық бақылау 18.03.2011ж. күні өткізілді. МАБ –ты 9 сынып оқушылары қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, математика пәндері бойынша, 4 сынып оқушылары математика пәні бойынша тапсырды. МАБ-қа 9-сыныптардан барлығы 63 оқушы, 4-сыныптардан барлығы 90 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылардың жалпы саны – 153.



9 «А» сыныбында оқушы саны - 19, МАБ-қа қатысқандар-19 оқушы.

Орташа балл – 1231/64,7.

30-дан төмен – жоқ.

30-40 балл – жоқ.

41-50 балл – жоқ.

51-60 балл – 6 оқушы, білім сапасы – 33,3 %

61-70 балл – 11 оқушы, білім сапасы – 61,1 %

70-тен жоғары – 2 оқушы – 11,1 %

9 «Ә» сыныбында барлық оқушы саны – 18, МАБ-қа қатысқандар- 18 оқушы. Орташа балл – 1048/58,2.

30-дан төмен – жоқ.

31-40 балл – жоқ.

41-50 балл – 4 оқушы, 22,2 %

51-60 балл – 5 оқушы, 27,7 %

61-70 балл – 9 оқушы, 50 %

9 «Б» сыныбында барлығы 26 оқушы, МАБ-қа -26 оқушы қатысты.

Орташа балл – 1698/65,3.

30-дан төмен – жоқ.

30-40 балл – жоқ.

41-50 балл – 2 оқушы, 7,6 %

51-60 балл – 5 оқушы, 19,2 %

61-70 балл – 12 оқушы, 46,1 %

70-тен жоғары балл алған – 7 оқушы – 26,2 %

9 сыныптардың жеке пәндер бойынша есебі:

Қазақ тілі орыс сыныптарда – 639/24,5

8-ден төмен – жоқ

9-17 балл алған – 1 оқушы, 3,8 %

18-23 балл алған – 6 оқушы, 23 %

24-30 балл алған – 19 оқушы, 73 %

Орыс тілі қазақ сыныптарында орташа балл – 913/24,6.

8-ден төмен – жоқ.

9-17 балл алған – 1 оқушы, 5,5 %

18-23 балл алған – 14 оқушы, 77,7 %

24-30 балл алған – 22 оқушы, 59,4 %

Шет тілі, орташа балл – 713/11,3.

8-ден балл алған – 1 оқушы, 5,5 %

9-17 балл алған – 10 оқушы, 26,9 %

18-23 балл алған – 38 оқушы, 60,3 %

24-30 балл алған – 14 оқушы, 22,2 %

Математика пәні бойынша орташа балл – 1169/18,4.

8-ден балл алған – 1 оқушы, 3,8 %

9-17 балл алған – 24 оқушы, 39,6 %

18-23 балл алған – 28 оқушы, 44,4 %

24-30 балл алған – 10 оқушы, 15,8 %





9 орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша орташа балл – 19,72,

3 алған оқушылар – 7 - 28

4 алған оқушылар – 12 – 48

5 алған оқушылар - 6 – 24



9 қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәні бойынша орташа балл – 20,5

3 алған оқушылар – 9 - 27,2

4 алған оқушылар – 14 – 42,4

5 алған оқушылар - 10 – 30,3

9 сыныптарындағы шет тілі пәні бойынша орташа балл – 24,2

3 алған оқушылар – 31 - 53,4

4 алған оқушылар – 9 – 15,4

5 алған оқушылар - 7 – 12

9 сыныптарындағы математика пәні бойынша орташа балл – 18,7

3 алған оқушылар – 21 - 36,2

4 алған оқушылар –36 – 62,0

5 алған оқушылар - 2 – 3,4



4-сыныптарда барлық бала саны- 95, МАБ-қа қатысқан бала саны -90, МАБ бойынша орташа балл – 14,5.

6-дан төмен балл алған – жоқ.

7-13 балл алған – 34 оқушы, 37,7%.

14-17 балл алған – 37 оқушы,41,1%

18-20 балл алған – 19 оқушы, 47,5%



4 «А» сыныбында барлығы 25 оқушы, МАБ-қа қатысқан -23 оқушы, орташа балл – 384/16,6.

6 балл алған – жоқ

7-13 балл алған – 2 оқушы, 8,6 %

14-17 балл алған – 12 оқушы, 52,1 %

18-20 балл алған – 9 оқушы, 39,1 %



4 «Ә» сыныбында барлығы 26 оқушы, МАБ-қа қатысқан -26 оқушы, орташа балл – 410/15,7.

6 балл алған – жоқ

7-13 балл алған – 7 оқушы, 26,9 %

14-17 балл алған – 10 оқушы, 38,4 %

18-20 балл алған – 9 оқушы, 34,6 %



4 «Б» сыныбында барлығы -23 оқушы, МАБ-қа қатысқан -21 оқушы, орташа балл – 335/15,9.

6 балл алған – жоқ

7-13 балл алған – 4 оқушы, 19,0 %

14-17 балл алған – 10 оқушы, 47,6 %

18-20 балл алған – 7 оқушы, 26,9 %



4 «В» сыныбында барлығы -21 оқушы, МАБ-қа қатысқан -20 оқушы, орташа балл – 317/15,8.

6 балл алған – жоқ

7-13 балл алған – 4 оқушы, 19 %

14-17 балл алған – 10 оқушы, 50 %

18-20 балл алған – 6 оқушы, 30 %



4 сыныптарда барлығы -95 оқушы, МАБ-қа қатысқан- 90 оқушы, орташа балл – 1446/16,0.

6-дан төмен – жоқ

7-13 балл алған – 17 оқушы, 18,8 %

14-17 балл алған – 42 оқушы, 46,6 %

18-20 балл алған – 31 оқушы, 344 %

Пән мұғалімдеріне жаңа оқу жылында оқушымен жұмысты күшейту керектігі, ҰБТ нәтижесінде грантқа түсетін оқушылар санын көбейту үшін тынбай еңбек етулерінің қажет екендігі міндеттеледі.

Мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеу керектігі, дарынды оқушылармен жұмыс күшейтілуі керектігі айтылды.

Мұғалімдер өз шеберліктерін шыңдай отырып, әдістемелік жұмысты тиімді қолдану керектігі міндеттелді.

Биылғы оқу жылында: «Жоғарғы сынып оқушыларының ұжымы», «Шапағат», «Мен және заң», «Экологиялық соқпақтар», «Салауатты өмір салты», «Досуг», «Сынып жетекші», «Рухани ізгілік тәрбиесі» атты орталықтар, «Ата-аналармен жұмыс» және «Өзін-өзі басқару» комитеті жұмыс істеді.

13-22 қыркүйек аралығында «Тіл мерекесіне» арналған апталық жоғары дәрежеде аталып өтті. Тілдер мерекесі салтанатты лездемемен ашылып, апталық жоспармен таныстырылды. Сонымен қатар кітапханада кітап көрмесімен жалғасын тапты. 9-сыныптар «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. 8-сынып оқушылары арасында «Сүйемін туған тілді, ана тілді» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. 5-7-сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты фестиваль ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. 22 қыркүйекте апталыққа белсене қатысқан оқушылар және сынып марапатталып, апталықтың өтілуі қорытындыланды.

Тамыз-қыркүйек айлары аралығында «Мектепке жол» акциясы бойынша 26 оқушыға киім, азық-түлік және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді.

1 қазан «Қарттар күніне арналған» мерекелік іс-шараға қарт адамдарды, ардагер-мұғалімдерді мектепке шақырып, концерттік бағдарлама қойып, сыйлықтар сыйладық.

10 сыныптың оқушылары Бақтыбай атаның бейіті мен мазараның айналасын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Қараша айында мектепте «Қайырымдылық» марафоны және кіші марафон өткізілді. Жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы балаларға көмек көрсетілді (киім-кешек, азық-түлік, мектепке керекті құжаттар). Жалпыға білім беру қоры тарапынан 39 бала мектепке керекті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді (дәптер, қалам, күнделік, сурет дәптері, қарындаш, қалың дәптер, сумка, рюкзак). Киім-кешекпен жалпы 96 бала қамтылды. Оларға куртка, аяқ киім, жемпір, спорттық костюм және кроссовки берілді.

Аудандық Абай оқуларынан 7 ә сынып оқушысы Жапай Дастан

3 орынға ие болды. І.Жансүгіров оқуларында 9 ә сынып оқушысы Нұрхамитова Айжан 2 орынға ие болды.

Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне арналған 1-11 сыныптар аралығында мерекелік іс-шаралар жүргізілді. Атап айтсақ, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты лездеме жүргізіліп, плакаттар шығарылды. «Тәуелсіздік тірегі - татулық» тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті. Кітапханашылар «Тәуелсіз Қазақстан - 2030» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды, әр сыныпта «Тәуелсіздік тарихы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

29-30 желтоқсанда жаңа жыл шыршасы бекітілген кесте бойынша жүргізілді. Мектебіміздегі 3 жетім балалар аудан әкімі тарапынан ұйымдастырылған шырша мерекесіне барды.

1 ақпаннан 1 наурызға дейін құқықтық тәрбиеге байланысты айлық өткізілді. Осы айлықта ашық тәрбие сағаттар, лекциялар, ЖЖЕ, викториналар өткізілді.

Мектепте кешенді бағдарлама бойынша жұмыс істеу жоспарлары ұйымдастырылған, осы жоспарлар бойынша жұмыс істелді. Құқықтық тәрбие жұмысына байланысты қыркүйекте «Тақырып» клубы өз жұмысын бастады, «Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі», «Қиын балалармен жұмыс», «Қыздар арасында», «Мен және заң» орталығының секциялары жоспар бойынша жұмыстар атқарды.

Витионов жанұясына барып, үй-тұрмыстық жағдайының актісін жазып, жасөспірім балаларына немқұрайлықпен қарағаны үшін керекті құжаттар жинап , 3 рет комиссияға шығарып, Витионова Натальяны ана құқығынан айырып 3 баласын, балалар ұйымына жіберілді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, жоспарлы түде мерекелік іс-шаралар атап өтілді.

18-22 наурызда «Наурыз» мерекесіне ата-аналармен бірігіп, апталық ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары мектеп көлемінде наурыз көже жасап, дастархан басында түрлі дәстүрлерге байланысты ойындар ойналды.

Экологиялық тәрбие бойынша «Мөлдір бұлақ» және «Жасыл ел, көгалдандыру» акциясы өтті. Мектеп гүлзарларына гүлдер егіліп, безендірілді.

Әскери патриоттық және құқықтық тәрбие бойынша мектепте «Мен және заң», «Шапағат» орталығы жұмыс атқарады. Мектебімізге бөлінген 2 Ұлы Отан соғысы ардагерлерін марапаттау дәстүрін үш 7-сынып оқушыларына жүктелген. Оқушылар өздерінің ардагерлерінің үйіне барып, көмек көрсетеді. 5 мамыр күні мектепке Ұлы Отан соғысы ардагерлерін шақырып, концерт және спорттық сайыстар өткізілді.

9 мамырда бүкіл ұжым Жеңіс күніне арналған шеруге қатысты және «Сәлеметсің бе, ардагер!» атты акция өткізілді.

«Салауатты өмір салты» орталығының ұйымдастыруымен қыркүйек айында денсаулық фестивалі, ақпан айында «Қанеки, қыздар!», «Қанеки, ұлдар!» атты спорттықспорттық ойындар өтті. «Салауатты өмір салты» тақырыбында жыл бойы әңгімелелер, лекциялар және спорттық ойындар өткізіліп тұрады.

24 мамырда тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілермен жаздық демалысының қауіпсіздігі бойынша әңгіме өткізді. Әр оқушының ата-анасынан жаздық демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне байланысты қолхат алынды.

25 мамыр күні дәстүрлі «Соңғы қоңырау - 2012» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеде білім жетістіктеріне қарай оқушылар марапатталып, ата-аналар құттықтау сөз сөйледі.

1 маусымда балаларды қорғау күніне ауылдың мәдениет үйінің ауласында түрлі ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Бағдарлама негізінде асфальтқа сурет салу бойынша байқау, спорттық ойындар және балмұздақ берілді.

Жаздық демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылар демалыс орындарына, мектепішілік қоғамдық жұмыстарға тартылды. Текелі қаласында «Эдельвейс» демалыс лагеріне – 6 бала, «Жігер» лагеріне 9 бала тегін демалуға барады.

21 маусымда «Мектеп түлектері - 2012» салтанатты мерекесі өтеді. Мерекеде ауыл, аудан әкімшілігі өкілдері және зейнеткер мұғалімдер қатысады. Мереке екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мектеп бітірушілерге аттестаттары тапсырылады, ал екінші бөлімде көңілді ойын-сауық, байқаулар ұйымдастырылады.

Осы оқу жылында «Сынып жетекшісі» орталығы жоспар бойынша 5 семинар өткізді. Семинар барысында «Мектептің ұлттық тәрбие жүйесіне қойылатын талаптар», «Баланың құқықтары туралы конвенция» атты лекциялар оқылды. Әр семинар үстінде сынып жетекшілер тарапынан басты мәселелер ортаға салынып, талқыланып отырады. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қатысуы, ыстық тамақпен қамтылуы және алдағы жоспарлар қарастырылады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп, өз нәтижесін көрсетті. Ата-аналар мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, өз көмектерін көрсетіп отырады. Атап айтсақ, «Мектепке жол» акциясына, «Наурыз» мерекесін атап өтуде белсенділік танытты. «Қиын» балалармен жұмыс жүргізуде, яғни олардың үйін аралауда ата-аналар комитеті де тартылады.

Биылғы жылы мектепішілік «Қиын» балалар тізімінде 9 оқушы тіркелген. Олар: Теребей Коля – 3 «Б» сыныбы, Теребей Вероника-3 «Б»-сыныбы, Витионов Олег – 7 «Б»-сыныбы, Витионов Роман – 1 б сынып оқушысы, Витионова Ангелина – 3 «Б»-сыныбы, Маздюков Олег – 9 «Б»-сыныбы, Кваст Виктория – 8 «Б»-сыныбы, Табиев Аслан 9«а»-сыныбы, Ақаев Нұрқан – 9 «А»-сыныбының оқушылары. Бұл оқушылар сабақтан себепсіз қалуына және мінез-құлқының нашарлығына байланысты тіркелген. Аталған оқушылармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізілді. Олар үйірмеге, секцияларға тартылды және қадағаланады. Сондай-ақ мектепішілік қоғамдық жұмыстарға да жұмылдырылды. 8-11 сыныптың балаларымен «Балалардың құқықтық жағдайы» туралы, «Нағыз достық деген не?», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында әңгімелер өткізілді. Тәрбиесі төмен оқушыларды жазғы демалыс кезінде демалыс орындарымен қамтамасыз етілді.

2011-2012 оқу жылында тәрбие жұмысы жоспарланған жұмыстарын өз уақытында атқарды. Әр бағыт бойынша жүргізілген жұмыс өз нәтижесін берді.

Алдағы 2012-2013 оқу жылына «Сынып жетекші» орталығымен тығыз жұмыс жүргізу, «Озін-өзі басқару» комитетін мектепішілік іс-шараларға қатыстыру және жұмысты арттыру мақсатты түрде көзделуде.
Просмотров: 3125 | Добавил: drummer[c] | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Мемлекеттік рәмізд
Календарь
Часы

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz